Адрес:
г. Караганда,
ул. Мустафина, 10
Телефон:
+7 (7212) 56-11-61,
+7 (7212) 56-09-88
 

Эмоция. Көңіл күй

Қазақ
ҚР «Жас ұлан» мектебінде  психологтарының ұйымдастыруымен  «Эмоция.Көңіл күй.» тақырыбында ұландармен тренинг  өтті.
Адамда болып тұратын психикалық процесс эмоция туралы түсінік беру және оқушыларды өз көңіл күйін игере білуге, басқаруға,
қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында жүргізілді.
Тәрбиеленушілер өз алдарына  эмоция, көңіл-күй туралы білімдерін өмірде, практикада қолдана білуін қалыптастыруға міндет         қойды.
Тренинг барысында  бояу қарындаштар, әр түрлі эмоция түрлері бейнеленген             суреттер, карточкалар, нақыл сөздер қолданып, қызығушылық таныта отырып қатысты. Ойын түрлері тақырыпқа сай жаттығулар тәрбиеленушілердің қатысуымен қызықты өтті.
       Қорытындысында ұландармен кері байланыс жасалды. «Бес саусақ» әдістемесі бойынша оқушылар көңіл күйлерін көрсетті.