Қазақ әдебиетінің хас қаламгері І.Есенберлиннің туғанына 105 жыл
Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінде қазақтың көрнекті жазушысы, хас қаламгер Ілияс Есенберлиннің туғанына 105 жыл толуына орай әдеби кеш өткізілді. Әдеби кеште Ілияс Есенберлин шығармаларының абзал қасиеті азаматтық сарынының күштілігі туралы айтылды. Сөз зергері Ілияс Есенберлиннің артында қалған мол көркем мұраларын оқып, білімдерін жетілдірді.