Адрес:
г. Караганда,
ул. Мустафина, 10
Телефон:
+7 (7212) 56-11-61,
+7 (7212) 56-09-88
 

«Таңғажайып картина» байқауына тәрбиеленушісі Павел Буренек қатысып жүлделі 1-ші орынға ие болды

Казахский

2018-жылдың мамыр айының 3 мен 16-сы күндері аралығында өткен «Өнеге» интеллектуалды білім порталының Республикалық қашықтықта өткізілген  «Таңғажайып картина» байқауына Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры  Т.Ж.Бигельдинов атындағы  Қарағанды Республикалық «Жас ұлан» мектебінің  тәрбиеленушісі Павел Буренек қатысып жүлделі 1-ші орынға ие болды. Павел Буренек байқауға өзінің «Рухани болашақ жауынгер» тақырыбында салынған суретін ұсынды. «Армансыз ұлан-қанатсыз қыран» демекші Павел Буренек болашақта әскери қызметкер болуды армандайды. Қазіргі уақытта өз ісіне тиянақты жауапкершілікпен қарайтын тәрбиеленуші болашақта рухани бай, келешекті қиялдай білетін тұлға болатынына сенім артамыз. Жетекшісі мектеп психологі Далдабаева Аманкүл Бейсенбекқызы Павел Буренектың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында байқауға қатыстырып рухани жаңғыруына және өз өнерінің бағасын білуге қол ұшын берді.