Адрес:
г. Караганда,
ул. Мустафина, 10
Телефон:
+7 (7212) 56-11-61,
+7 (7212) 56-09-88
 

«Жетістікке бағыттау» тақырыбында тренинг мектеп психологтары А.Б.Далдабаева. А.К.Жумадилова, Н.Ш.Ильяшованың ұйымдастырумен өтті

Казахский

 Мақсаты: «МЕН» деген ұғымның жағымды бейнесін құру, көңіл- күйді көтеру, өз-өзіне деген сенімін күшейту, оптимистік сезімді қоңдыру, эмоциялық күйзелісін түсіру, жетістікке бағдарлау.

 Жүргізілу уақыты – 1 сағат

      Үш бөлімнен тұрады:

 1.     Танысу, күйзелісін түсіру (жаттығулар – «Есімдер», «Жетістік қаланың тұрғындары»).

 2.     Жетістікке бағдарлау («Жетістік» қаласындағы жаңбыр, «Жетістік» қаласындағы атомдар мен     молекулалар, «Жетістік» қаласындағы пікірталастар, «Жетістік» қаласындағы «Ааааа және Иииии» көңілді жаттығулары.)

 3.     Қорытынды   («Сілкіп тастау» ойыны, «Баспалдақ» ойыны)

 

Қорытындысында  сұрақтар талқыланды .

1. Қай ойыншының есімі, сүйікті ісі сенің есіңде жақсы сақталады? 
2. Несімен жақсы сақталады деп ойлайсың? 
3. Қай қатысушыны еске түсіруі қиынға соқты? 
4. Не үшін қиын болды деп ойлайсың? 
5. Қатысушылардың сені есінде сақтай алмауы қалай әсер етті? және т.б