Сәуір айының 12-інші жұлдызында Қарағанды қаласындағы «Мәңгілік алау» алаңында «Тәджік-Ауған» соғысындағы қазақ жауынгерлерінің өшпес ерлігіне 26 жыл толуына орай өткен салтанатты шеруге Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілеріде қатысты.Осы соғыста ерліктерімен көзге түскен,елі үшін жанын пида еткен,жастайынан қыршын кеткен жастарымыздың құрметіне 1-минут үнсіздікпен еске
Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінің 3 рота 3 взвод тәрбиеленушісі Амангелдинов Имангелді «Дарабоз» оқу орталығының ұйымдастыруымен 13 – 25 ақпан күндері аралығында өткен Республикалық «Анамның күлгені менің бақытым, қуанышым және өмірім» конкурсына қатысып жүлделі 1 орынға иеленді. Жетекшісі педагог психолог Ильяшова Назгүл Шайбекқызы Алғыс хатпен марапатталды.
2019 жылдың 7 – ші сәуірінде Қарағанды «Жас ұлан» мектебінің кітапханасында, кітапханашы Дарманкулова Айгүлдің ұйымдастыруымен «Академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл» атты әңгіме – сұхбат өткізілді. Іс – шараны Дарманкулова Айгүл жүргізіп, тәрбиеленушілерге тақырыпты ашып, ұлы тұлғаның өмірбаянын және де ерең еңбегі туралы айтып өтті.
Шын мәнінде бүгінгі жас – ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық.
2018 жылдың 5 мамыры күні мектебімізде орыс тілінде білім алатын сыныпта, яғни, 1 рота 4 взвод тәрбиеленушілерімен қазақ тілі пәнінен «Әлем халықтарының ерекше дәстүрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.