2019 жылдың 7 – ші сәуірінде Қарағанды «Жас ұлан» мектебінің кітапханасында, кітапханашы Дарманкулова Айгүлдің ұйымдастыруымен «Академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл» атты әңгіме – сұхбат өткізілді. Іс – шараны Дарманкулова Айгүл жүргізіп, тәрбиеленушілерге тақырыпты ашып, ұлы тұлғаның өмірбаянын және де ерең еңбегі туралы айтып өтті.
Шын мәнінде бүгінгі жас – ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық.
2018 жылдың 5 мамыры күні мектебімізде орыс тілінде білім алатын сыныпта, яғни, 1 рота 4 взвод тәрбиеленушілерімен қазақ тілі пәнінен «Әлем халықтарының ерекше дәстүрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.