Адрес:
г. Караганда,
ул. Мустафина, 10
Телефон:
+7 (7212) 56-11-61,
+7 (7212) 56-09-88
 

Қазақ тілі пәнінен «Әлем халықтарының ерекше дәстүрлері» тақырыбындағы ашық сабақ

Казахский
2018 жылдың 5 мамыры күні мектебімізде орыс тілінде білім алатын сыныпта, яғни, 1 рота 4 взвод тәрбиеленушілерімен қазақ тілі пәнінен «Әлем халықтарының ерекше дәстүрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың негізгі мақсаттары: Қазақ тіліндегі мәтіндер негізінде оқушылардың әлем халықтарының дәстүрлері жайлы ақпараттық-танымдық ұғымын молайту; Жаңа тақырып бойынша әртүрлі диалогтық минимумдар арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргізу; Қазақша сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы оқушыларды толеранттылыққа тәрбиелеу.
 Тәрбиеленушілер сабаққа белсенді қатысты. Елімізде тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстар туралы көптеген мағлұматтар алып, өз ойларымен бөлісті. Сабақ барысында көрсетілген таныстырылымдар мен бейнежазбалар тәрбиеленушілердің пәнге деген қызығушылығын арттыра түсті.
Сонымен қатар, сабақ үдерісін мектеп ұстаздары да бақылады. Ұстаздар қауымы сабақ барысында оқушылардың берген жауаптарына талдама жасап, жазып отырды. Білікті маман Кошанов Жеңіс Рымбекұлының сабақ барысындағы қолданған жаңа әдіс-тәсілдері сәтті шықты. Сабақ соңында ұстаздар қауымы Жеңіс Рымбекұлына өткізген ашық сабағы үшін алғыстарын білдіріп, сәттілік тіледі.