Адрес:
г. Караганда,
ул. Мустафина, 10
Телефон:
+7 (7212) 56-11-61,
+7 (7212) 56-09-88
 

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ХІҮ халықаралық инетернет олимпиадасының қорытындысы

Казахский

Шын мәнінде бүгінгі жас – ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық. Дарынды оқушыларды қолдау мақсатында, 2017-2018 оқу жылының басынан бастап Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері Жалпы білім беретін пәндер бойынша ХІҮ халықаралық инетернет олимпиадасына қатысты. Интернет-олимпиаданың қорытындысын шығару үшін 2018 жылдың 23 мамыры күні мектебімізде арнайы салтанатты жиын өткізілді.

Олимпиадаға жалпы мектебімізден 168 тәрбиеленуші қатысты. Дарынды оқушыларымыз аталмыш олимпиаданың 3 кезеңінен өтіп, төмендегі жетістіктерге жетті:

Алтын медаль – 7 тәрбиеленуші;

Күміс медаль – 4 тәрбиеленуші;

Қола медаль – 9  тәрбиеленуші;

Сонымен қатар, жалпы білім беретін пәндер бойынша 40 тәрбиеленушіміз І орын иегері атанды. Дарынды оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізіп, жетістікке жетелеген пән мұғалімдері де арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.