Адрес:
г. Караганда,
ул. Мустафина, 10
Телефон:
+7 (7212) 56-11-61,
+7 (7212) 56-09-88
 

Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайында екі күн бойы өтіп жатқан Қазақстан Республикасының «Жастар жылына» арналған «Жас қанат-2019» жас орындаушылар мен шоу-бағдарламалардың, жүргізушілерінің 23-ші облыстық байқауы және Гала – концерттің қонағы

Казахский

2019 жылдың 3- ші сәуірінде  Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайында екі күн бойы өтіп жатқан Қазақстан Республикасының «Жастар жылына» арналған «Жас қанат-2019» жас орындаушылар мен шоу-бағдарламалардың, жүргізушілерінің 23-ші облыстық байқауы және Гала – концерттің  қонағы болып Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінің  тәрбиеленушілеріде барды. Осы аталып өткен концерттің қонақтары болып елімізге танымал әнші, композитор «I`m a singer Kazakhstan» телевизиялық жобасының жеңімпазы Роман Ким,«Славян базары» халықаралық конкурсының лауреаты Адам – Даурен Оразбеков және тағыда көптеген жеңімпаздарымыз келіп өнерлерімен  көрермендерді тәнті етті.Осындай жобалармен жастарымыздың,болашақ ұрпақтарымыздың  бойларына біткен өнерлерін ашу,ол аға буынның парызы деп санаймын.Ал енді біздің тәрбиеленушілерімізге келіп тоқталсақ,обылсымыздың түкпір-түкпірінен жиналған саф алтындай сирек ерекше дарын иелерінің өнерлеріне тәнті болып,керемет әсермен оралды.Біздің мектептің осындай шараларға көптен апаруының басты себебі,тәрбиеленушілеріміздің дүниетанымын қалыптастыру,адамгершілік қасиеттірін бойына сіңіру,өнердегі сұлулықты түсінуге,сөзге шешен,ойы ұтқыр болуға,мәдениетті, шығармашылығы дамыған азамат тәрбиелеу. 2019 «Жастар жылы» осы жылы біз жастарымызға қолдау көрсетіп,сенім артуымыз керек,біздің болашағымыз жастардың қолында.