Адрес:
г. Караганда,
ул. Мустафина, 10
Телефон:
+7 (7212) 56-11-61,
+7 (7212) 56-09-88
 

2018 жылдың 15-ші мамыр күні «Мамандық таңдауда қателесуге бола ма?» тақырыбында 4 рота тәрбиеленушілер арасында тренинг өткізілді

Қазақ

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз

Даңқым шықсын десеңіз,

 Көпшіліктің адамы болыңыз

Әл-Фараби

Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушының кәсіби бағдарының табандылығн анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау мақсатында жүргізілді. 

 «Кім көбірек мамандықты атайды?» жаттығуында тәрбиеленушілер мамандық түрлерін, олардың атқаратын қызметтерін, адамға пайдасын, жақсы жақтарын талдап, саралауға үйреніп,өз ойларын айтуға дағдыланды.

Барлық қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Олар бір- біріне доп лақтыру арқылы мамандық түрлерін айтады. Кім де кім көп мамандық атаса сол жеңіске жетеді.

Мектеп психологтары А.К.Жумадилова,  Н.Ш.Ильяшованың ұйымдастырумен өткізілген тренингте әртүрлі ойындар ойнатылып, жаттығулар жасалынды.

Ситуациялық сұрақтар қойылып ұландардың жауабы тыңдалды.

1.Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?

2.Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?

3.Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?

4.Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?

5.Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?

6.Қай уақытта адам өз жемісін көре алады.?

 Қорытындысында кері байланыс жасалды.

-          Сізге тренингте не ұнады?

-          Не ұнаған жоқ?

        -          Тренинг-сабақ керек пе, ол мамандық таңдауда көмектесе ме?