Адрес:
г. Караганда,
ул. Мустафина, 10
Телефон:
+7 (7212) 56-11-61,
+7 (7212) 56-09-88
 

Достижения КРШ Жас улан

2019 жылғы 15 ші маусым күні Қарағанды республикалық «Жас ұлан»

27-06-2019

2019 жылғы 15 ші маусым күні Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінде осы аталып өткен мектептің құрылуына 35 жыл толуына орай іс-шара өз деңгейінде аталып өтілді. Жан- жақтан мектебімізде оқып кеткен тәрбиеленушілеріміз, осы мектепте еңбек атқарған ардагер ұстаздарымыз жиналды және де басқада қонақтарымыз келді.

2019 жылдың 25-ші маусымында Қарағанды республикалық «Жас ұлан»

27-06-2019

2019 жылдың 25-ші маусымында Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінде аттестат табыстау, сонымен қатар тумен қоштасу рәсімі аталып өтті. Біздің мектебіміз әскери мектеп болғандықтан қазақстанның әр өңірінен жиналған ата- аналарымыз балаларының Ұлттық Бірыңғай тестілеуде жоғары бал жинап ендігі мақсаттары жоғары оқу орына жолдары ашық екендіктерін түсінді.

«1-маусым- Халықаралық балаларды қорғау күні»

27-06-2019

Балаларды қорғау дегеніміз – әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Осыған орай 2019 жылдың 1 –ші маусымында Қарағанды республикалық «Жас ұлан » мектебінің тәрбиеленушілеріде осы шараға өз үлестерін қосып, балаларға кішкене болсада қуаныш сыйлап қайтты.

2019 жылдың маусым айының 3-ші жұлдызында Қарағанды республикалық «Жас ұлан»

27-06-2019

2019 жылдың маусым айының 3-ші жұлдызында Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері жылдағы дәстүрімізге айналған кезекті бір апталық полигонда, қыстай оқып үйренгендерін тәжірбие жүзінде шындап қайтты. Полигон даласында тәрбиеленушілеріміздің жүздерінен олардың бір жыл ішінде қандай дәрежеге жетіп есейгендіктері көзге көрініп тұрды.

ҰБТ

27-06-2019

2019 жылдың маусым айында 22-24 –ті аралығында өткен ҰБТ сынағынан Қарағанды республикалық «Жас ұлан»мектебінің тәрбиеленушілері қалалық мектептердің арасында ең жоғарғы көрсеткішке ие болды, атап өтсек 1 рота 2 взвод ұланы Баймұхан Арслан 129 ұпай жинап осы ротаға қарасты ұландарымыз Оразбаев Дамир 124 ұпай және Рахимжанов 123 ұпайларымен мектебіміздің деңгейін көтерді.

В Карагандинскую республиканскую школу «Жас улан» принимаются

юноши – граждане Республики Казахстан не моложе пятнадцати лет на год поступления, окончившие в год поступления 9 классов организации среднего образования и получившие свидетельство об окончании основного среднего образования.

Сағадат Нұрмағанбетовке тоқсан бес жыл

 Он тоғызыншы мамыр күні Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінің кітапханасында, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, егемен еліміздің тұнғыш Қорғаныс Министрі, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына  тоқсан бес жыл толуына орай «Қазаққа қымбат есім» атты іс-шара жүргізілді.Кітапханашы Дарманкулова А.Ш.

2019 жылдың 9 мамыр күні Ұлы отан соғысының 74 жылдығына орай Қарағанды қаласындағы «Мәңгілік алау»

2019 жылдың 9 мамыр күні Ұлы отан соғысының 74 жылдығына  орай Қарағанды қаласындағы «Мәңгілік алау» алаңында болып өткен шараға Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебнің 3-інші және 4-інші рота тәрб

2019 жылдың 6 мамыр күні Қарағанды қаласына қарасты «Ариста» мейрамханасында

2019 жылдың 6 мамыр күні Қарағанды қаласына қарасты «Ариста» мейрамханасында облыс әкімі Қошанов Ерлан мырзаның қолдауыменен, қаламыздағы соғыс ардагерлерін Ұлы отан соғысының 74 жыл толуына орай аталып өткен мейрамханада ардагерімізге дастар

2019 жылы 9 мамыр күні Қарағанды облысына қарасты Абай қаласында Қарағанды республикалық «Жас ұлан»

2019 жылы 9 мамыр күні Қарағанды облысына қарасты Абай қаласында Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілерінің қатысуы менен ,Ұлы отан соғысының 74 жыл толуына орай , аталып өткен қаладағы «Мәңгілік алау» мемориалында батыр ата-әжелерімізді 1 минуттық үзіліспен еске алып,

Страницы