Адрес:
г. Караганда,
ул. Мустафина, 10
Телефон:
+7 (7212) 56-11-61,
+7 (7212) 56-09-88
 

2019 жылдың 9 мамыр күні Ұлы отан соғысының 74 жылдығына орай Қарағанды қаласындағы «Мәңгілік алау»

Қазақ

2019 жылдың 9 мамыр күні Ұлы отан соғысының 74 жылдығына  орай Қарағанды қаласындағы «Мәңгілік алау» алаңында болып өткен шараға Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебнің 3-інші және 4-інші рота тәрбиеленушілері барабандарын қолдарына алып салтанатты шеруге қатысты.Осы шарада сол соғысты шейіт болған ата-әжелерімізге 1 минут үнсіздікпен еске алып,алауға гүл шоқтары қойылды.Сұрапыл соғыстың азабын шеккен ата –әжелерімізге арнап мектебіміздің 3-інші рота 3-інші взвод тәрбиеленушісі Амангелдиев Имангелдінің жүрегінен шыққан  өлең  шумақтарын қабыл алыңыздар

                                       41 мен 45 қанды қырғын уакыты

Келді міне көптен күткен

Ұлы жеңіс күні де

Бұл соғысың қиын болды

Қазақстан еліне

Құрбан болып қаншама

Айырылды аяқ қолданда

Шыңғырған жан айқайын

Қан менен тер жоймай ма

41 мен 45 қанды қырғын уақыты

Боздақтардың ел үшін

Жанын  берген уақыты

Кескілескен шайқаста

Қорғау үшін отанды

Баурыжан,Әлия,Мәншүктер

Қырғидай болып атылды

Елге шапқан фашистті

Елден қуып шығарған

Елге атқан оқтарын

Кеудемен тосып қарсы алған

Германияның әскерін

Берлинге қуып апарып

Азаттықтың көк туын

Рақымжан тігіп тастаған