Адрес:
г. Караганда,
ул. Мустафина, 10
Телефон:
+7 (7212) 56-11-61,
+7 (7212) 56-09-88
 

Ағымдағы жылдың 15-ші мамырында Қарағанды республикалық "Жас ұлан" мектебінде "Жігіт сұлтаны" байқауы өтті. Байқауға 3-4 рота тәрбиеленушілерінің ішінен іріктеліп алынған ең талапты да талантты бес жүлдегер бақ сынасты

Қазақ

Айта кетер болсақ: 4 рота 3 взвод тәрбиеленушісі Есенов Аслан бас жүлдені жеңіп алса, ал 3 рота 2 взвод тәрбиеленушісі Шайхолла Шыңғыс "Жігіт төресі" номинациясын иеленді, 3 рота 3 взвод тәрбиеленушісі Бекежан Дәулен "Айбынды жігіт" номинациясын жеңіп алды. Сонымен қатар 3 рота 4 взвод тәрбиеленушісі Ғинаят Әділет "Өнерлі жігіт" номинациясына ие болды және 4 рота 5 взвод тәрбиеленушісі Әбсамат Асылжан "Сері жігіт" номинациясын қанжығасына байлады. Бірінен - бірі оза шапқан "жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" бес сұлтанымыз өз өнерлерін паш етіп, әділқазылар алқасының әділ бағалауына ие болып, көрермендеріміздің ілтипатына бөленді. Байқау өз мәресіне жетіп, жүлдегерлер марапатталып, сыйлықтары табысталды.