Адрес:
г. Караганда,
ул. Мустафина, 10
Телефон:
+7 (7212) 56-11-61,
+7 (7212) 56-09-88
 

Екі Мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінде 23 сәуір – Халықаралық кітап күніне арналған «Кітапхана – білімпаздар мекені» атты тәрбиеленушілер арасында сайыс сағаты өткізілді.

Қазақ

ХХI ғасыр – білім, ғылымының ғасыры. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік», - деген еді Ғабит Мүсірепов. 

Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектеп кітапханасында түрлі тақырыпта көрмелер жасалып, көптеген іс-шаралар өткізіліп отырылады. Соның бір айғағы бүгінгі «Халықаралық кітап күніне» байланысты өткен  «Кітапхана-білімпаздар мекені» атты оқырмандар байқауы.

Сайыс барысында тәрбиеленушілер кітап туралы өздерінің білетін нақыл сөздерін айтып, «Миллион кімге бұйырады», «Тәтті викторина» ойындарын ойнап жүлделі орындарғы ие болды. Кітап күніне арналған шара барысында тәрбиеленушілер кітаппен достасып, пайдалы мағлұмат алып, біраз кеңес алды. Жаңа заман технология дәуірі болғанымен қолыңа кітап алып оқығанға не жетсін! Рухани азық іздеген, көзі ашық көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы – кітапхана.

Қазкенова Айпара

Қарағанды республикалық«Жас ұлан» мектебінің қызметкері