Адрес:
г. Караганда,
ул. Мустафина, 10
Телефон:
+7 (7212) 56-11-61,
+7 (7212) 56-09-88
 

Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебіне 40 жыл.

Қазақ

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы «Жас ұлан» мектебі өзінің 40 жылдығын атап өтуде.  Осы білім ордасынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметкерлері оқып шықты. Олар да осы салтанатты шараға қатысты. Мектептен 5000 мыңнан астам түлек білім алды.

40 жылдық мерейтойына орай ардагерлердің өмірбаяны, фотосуреттері мен естеліктері бейнеленген кітап жарық көрді.

Бұл мектеп-жастардың бойында патриоттық тәрбиенің негізін қалыптастыратын білім ордасының бірі. 

Салтанатты шарада шақырылған қонақтар құттықтау сөз сөйледі:

Қарағанды арнайы мамандандырылған мектеп-интернатының түлегі генерал-майор Жусупов Асан Қуанышұлы, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы;

Бірінші мектеп түлектерінің бірі полковник Ақшолақов Қуандық Жақсыбайұлы,

генерал-майор Шекарбеков Сәкентай Амантайұлы, «Орталық» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы;

подполковник Зикирин Сәкен Серікбайұлы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің аға офицері;

2001-2015 жылдардағы мектеп бастығы, жауынгер-интернационалист, білім берудің құрметті қызметкері полковник Джайлыбаев Ахмет Арықбайұлы;

2015-2020 жылдар аралығында Қарағанды «Жас ұлан» республикалық мектебінің бастығы полковник Балғабеков Атығай Күнжолұлы;

полковник Жантасов Амангелді Теміржанұлы, жауынгер-интернационалист, КСРО және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері;

подполковник Багжанов Жанат Тоқтарбекұлы, қазіргі уақытта Қарағанды «Жас ұлан» мектебінің бастығы. Сондай-ақ басқа да құрметті қонақтар.

Салтанатты бөлімнен кейін Қ. Байжанова атындағы концерттік бірлестіктің қатысуымен мерекелік концерт өткізілді, сондай-ақ мектептің бұрынғы тәрбиеленушілері де өз өнерлерін көрсетті.

 

 

Концерт аяқталғаннан кейін мектеп түлектері мен қонақтары Қарағанды республикалық «Жас ұланг» мектебінің аумағына жиналып, Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж. Бигелдиновтың бюстіне гүл шоқтарын қойды.

Осыдан кейін 1 рота тәрбиеленушілері қоян-қолтық элементтерін көрсете отырып, көрермендерге шоу-бағдарлама көрсетті.

Шара соңында 146 тәрбиеленушімен бірге Қарағандыға арнайы келген еліміздің және жақын шет елдердің түкпір-түкпірінен келген түлектер мектеп алаңында салтанатты шерумен өтті. лысқа өткен жылдардағы мектеп түлектері қатысты.

40 жылда мектеп 5600-ден астам жас ер-азаматтарды, олардың арасында екі генерал, жүзден астам полковник оқытып шығарды. Қазіргі уақытта олардың көпшілігі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер мен әскери құрылымдар қатарында қызмет етеді.